акция

акция

Қазақ батырларының бейнесі

Кеңесары Қасымұлы 
(1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы(1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

Саржан батыр
Әкесi Қасым қолбасшы болған, қарулы күрес жолына жас күнiнен қатысқан Кенесары 1824-1836 жылдар аралығында ағасы Саржан бастаған ұлт-азаттық көтерiлiстiң белдi мүшесi болады. Атасы Абылай, әкесi Қасым мен ағасы Саржанның жорық жолдарынан тәлiм-тәрбие алған Кенесары елге бас болған шағында қателiк жiберуден өзiн аман сақтап қалды.

Наурызбай батыр
Кенесары ханның ең жақын көрген iнiсi, 1822 жылы туған Наурызбай, өте денелi әрi биiк бойлы болған. Бет-әлпетi тегiс, басқа қазақтарға қарағанда iрi, сопақ келген қызылшырайлы, қап-қара көздерi от шашып тұратын. Меруерт тағылған айдарлы шашы болған. Мұрт пен сақал қоймаған. Ол ұрыс даласына әрдайым ақбозат мiнiп шыққан. Шайқаста оң қолын бiлегiне дейiн ашық қалдырып бос ұстайды екен. Ал, бос қалған жеңiн белдiгiне қыстыратын. Қандай жағдай болса да, ауыр найзасын бiр қолымен көтерген батыр басына төбесi қызыл құндыз тымақ киетiн. Жағасы бағалы жүндi тон киедi.

Жоламан батыр
Қазақ халқының ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының  бірі, халық  батыры. Кіші  жүз құрамындағы Жетіру тайпалар бірлестігінің табын руынан шыққан.

Иман батыр Дулатұлы
Иман Дулатұлы (1780-1847) - халық батыры, Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларының бірі,  Кенесары Қасымұлының сенімді серігі, Амангелді Имановтың атасы. Қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданында (бұрынғы Торғай уезінде) дүниеге келген. Орта жүз Қыпшақ тайпасының Ұзын тармағынан тарайтын Кедел руының Бегімбет атасынан тарайды. Арғы атасы Қақай, өз әкесі Дулат жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлік көрсеткен батырлар болған. Торғай, Жыланшық өзендерінің аңғарын жайлаған. Қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымовтың Ресейдің отарлау саясатына қарсы он жылға созылған қарулы көтерілісіне Ахмет сұлтан Жантөрин 1838 жылы өз ауылын шапқаннан кейін келіп қосылған. Ол Кенесары жасағының белді ұйтқысы, әскербасыларының бірі болған. Иман батырдың ақыл-парасатын, адалдығы мен әділдігін, өткірлігі мен табандылығын жоғары бағалаған Кенесары Қасымұлы оны Ағыбай батыр, Шоқпар шешен, Сайдақ қожа, інісі Наурызбаймен бірге хан кеңесінің мүшесі еткен. Иманынын жасақ алдындағы беделін құрметтеп есімін атамай, «Айеке, Көсем көк, Бозжорға» деп атаған. Осы атақтарына сай Иман батыр да ханға берген сертіне адал, дұшпанына қатал бола білген, қашан да хан жасағының ынтымағы мен бірлігін сақтауға күш салған. Иман батыр көтерілісшілердің Ақмола приказына, Көкалажар қамалына, Айдарлы, Байтоқ қоныстарына шабуылдары, Ұлытау, Торғай, Ырғыз далаларындағы ұрыстары кезінде ерекше ерлік көрсеткен. 1847 жылы бірқатар қазақ батырлары аттарының басын кері бұрғанда берген антынан таймай, ханмен бірге қырғыз манабы Орманға қарсы Кекілік тауының шығыс беткейіндегі шайқаста, қазіргі Тоқмақ қаласының маңындағы Майтөбе деген жерде қолға түсіп, қаза тапқан. Осы соғыста Иман батырмен бірге оның туған бауырлары Тауық, Кейкі, Қарауыл және үлкен ұлы Бердәлі де мерт болған.
         2000 жылы  қыркүйекте Қостанай облысынның Амангелді ауданының орталығында Иман батырға ескерткіш орнатылған.

Есенгелді батыр
Исатай Тайманұлының оққағары. Тегі беріш руының Жайық атасынан. 1837 ж. Жасқұс шайқасына қатысқан, ол туралы Ы. Шөрекұлының белгілі дастанында «Есенгелді, Құсқара, Есенаман, Шекшекей, Балуан Тәни қасында, Қожахмет, Қалдыбай, әскердің түсті алдына-ай» деп жырланады. Көтеріліс тарихын баяндайтын құжаттарда патша әскерлері мен Баймағамбет сұлтан жасақтарының қуғынына түскен Исатаймен бірге 1837 ж. 29 қарашада Қаныш моласы жанындағы кеңеске қатысқаны, 12 желтоқсанда Жайықтың «бүхара бетіне» өткендігі деректеледі. Ысық батыры, көтеріліс тілеулестерінің бірі Шығанақтың үйінде (17-18 желтоқсан) Есенгелдінің күшін сынатып, Исатайды «Қырық батырым — бір төбе, Есенгелдім — бір төбе. Бір өзінде қырық кісінің күші бар» деген сөзі ел аузында сақталған. Есенгелді Ақбұлақ соғысында қаза табады. Оның жалғыз ұлы — Байбосын (Байболсын) 1837 ж. 24 желтоқсанда Баймағамбет сұлтан жасақтарының қолына түсіп, әскери сот шешімімен жер аударылады. Байбосыннан қалған Болдық атты жалғыз қызды үлкендер «әкелері айырылмас дос еді» деп, Исатайдың кіші ұлы Әлпиярға қосады.

Саржан батыр

Кенесарының жүз адамының басы болған. Кенесары қашып қырғыздың қолына түсіп, Наурызбай бастаған қазақтар қашып, оны орыстар қуып, олар осы жолдың түбіне келіп ұйықтап жатады. Кенесарының Саржан батыры келе жатыр деп Бодық естиді. (Ол кезде Саржан алпыс жаста, кәрі деп есептеледі екен.) Ол Саржанды мен көрейін деп қасына нөкер ертіп келе жатады. Саржан нөкерлері ұйықтап жатып, ат дүбірін естіп орыстар екен деп тұра қашады. Саржан: «Тоқтаңдар!» - деп нөкерлерін тоқтатыпты. 

- Бұлар орыстар емес, қазақтар, - дейді. 
- Оны қайдан білдіңіз? - дегенде, Саржан бір төбеден асқаннан кейін: 
- Мен барып біліп келейін. Олар орыстар болмаса керек еді, - деп кері қайтып бара жатса, төбенің басында таудай болып Бодық батыр тұр екен. 
- Сені батыр деп естіп сынамаққа келдім, жолымды бер, - деген екен. 
Сонда Саржан қасқайып тұра қалыпты. Бодық оның қамытын күл-парша етіп, уатып тастапты. Намыстанған Саржан жалғыз жебенің оғымен Бодықты атайын деп көздеп жатқанда, Бодық: 
- Сен мені өзіңе тигізе алмайды деп ойладың ба? Мен сені сынамаққа істедім. Өзің таудай болғанмен, ақылың жоқ екен. Батыр болсаң тұра қал, тағы бір атайын, -деген екен. 
Сонда Саржан: «Менен қателік кетті» деп кешірім сұрапты. Содан осы жер «Саржан қашқан» деп аталады.

Ағыбай  батыр
Халық арасында Шұбыртпалы Ағыбай деген атпен белгiлi батырды, ағасы Саржанның қарулас досы әрi өзiнiң құрдасы болғандықтан Кенесары жақын тартып, «Көсе» деп атайды екен. Ағыбай батыр шүңiрек көздi, биiк денелi, қолы ұзын болыпты. Жүзiктермен әшекейленген найзасын құланның терiсiнен жасалған белдiкпен байлап жүредi екен. Бiрде Кенесарыға: «Басқаларға мың басы, бес жүз басы деп лауазым берiп жатасыз, неге Ағыбайға мұндай шен бермедiңiз?» деп сұрағандарға Кенесары «Менiң алдыңғы сапымдағы сарбаздарым соғысқа «Абылайлап!» кiргенде, басқалары «Ағыбайлап!» шабады. Сондықтан батырға бұл шендер лайық деп ойламаймын» деп жауап берген.

Байтабын батыр
Әрине, қай күрес болса да қантөгiссiз, құрбандықсыз болмайды. «Жеке батыр» деп атап, ерекше жақсы көретiн Байтабын батыр қаза тапқанда Кенесары үш күндiк қаралы күн жариялаған.
Кенесарының күресiн жақтаған қазақ ақындары сарбаздардың рухын көтеруге өз үлесiн қосты. Сондай ақындардың бiрi Алтай-Қалқаман руының өкiлi Досқожа Тоқбөрiұлы өзiнiң айтуы бойынша, Кенесары ханның қолына Ақмола аймағында қосылған. Кенесарының күресiн жақтаған ақындар қатарында белгiлi қазақ драматургы Қалтай Мұхамеджановтың бабасы Күдерiқожа ақын да болды. Күдерiқожаның «Қарқаралымен қоштасуы» мен Досқожаның шығарған «Қоштасу әнi» және басқа ақындардың сол кездi суреттеген шығармалары бүгiнгi күнге жеттi.

 Есіркеп батыр
 (1696 — 1764) — қазақ-жоңғар және қазақ-қоқан соғысына қатысқан батыр. Қазығұрт тауының өңірінде туып, сол жерде жау қолынан қаза тапқан. Ұлы жүз құрамындағы сіргелі руының байжігіт атасынан шыққан. Анасының есімі — Ақторғын. Ел аузында Есіркеп батырдың Төле биден бата алғандығы туралы аңыз сақталған. Есіркепті батырлыққа, бес қаруды жете меңгеруге, ат үстіндегі шайқасқа Тоғанас батыр баулыған. Сіргелі қолын бастаған Ер Тоғанас қаза тапқанда (1723), Есіркеп батыр сіргелілердің қолбасшысы болып сайланады. Бөгембай батырдың қол астында мыңбасы болған Есіркеп Түркістанды қорғауға (1724 — 25),Ордабасыдағы құрылтайға (1726), Қалмаққырған (1728), Аңырақай шайқасы және т.б. үлкен шайқастарға қатысқаны туралы деректер сақталған. Оның есімімен бірге Елшібек, Қойгелді, Саңырақ, Қасқара, т.б. батырлардың аттары аталады. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында Есіркепке ескерткіш орнатылып (1999), орта мектепке аты берілген. Денесі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы Кіші ақсарайға жерленген. Құлпытасы сол жерде.

Олжабай батыр
(1709 – 1785 (кей деректерде 1783), Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы) – жоңғарбасқыншылығына қарсы күрескен қазақтың атақты батырларының бірі. ҚабанбайБөгенбай, Малайсары секілді батырлармен бірге тізе коса отырып, ата жауға қарсы талай жорыққа қатысқан. Орта жүздің арғын тайпасы сүйіндік руынан шыққан. Әкесі Толыбай Тәуке ханның билерінің бірі, шешесі Есенбике Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы. Олжабайдың арғы атасы Айдабол он үш жасында би болған. Осы Айдаболдың үш әйелінің бәйбішесінен — Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы, ортаншы әйелінен — Қарақозы, Бозқозы, Аққозы, тоқалынан — Қожагелді мен Тайкелді туады. Балаларының бәрі де әрі шешен, әрі батыр болып өседі. Жалғыз-ақ бәйбішесінің Кенжеқозысы қыршын жас кезінде өліп, айттырып қойған қызы оң жақта жесір қалады. Ол үйсін Қаратай батырдың қызы екен. Әкесі осы қызды тоқалдан туған Тайкелтірге алып берем дегенде, Жанқозы: "Кіндіктесімнің жесірін тоқалдың баласына алдырмаймын" — деп, зорлықпен қызды інісі Малқозының баласы Толыбайға алып береді. Осы Қаратай батырдың қызынан Олжабай туады. Әкесі Толыбай 1723 жылы "Ақтабан шұбырындыда" босқан елді жаудан қорғап жүргенде оққа ұшады. Осы кезде он үшке жаңа толған Олжабай нағашысы Қаратай батырдың қолында тәрбиеленеді.




Комментариев нет:

Отправить комментарий