«Оқы,
талқыла, ұсын...» - кітап марафоны
Ә.Тәжібаев атындағы
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
балалар әдебиеті бөлімі жыл кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын насихатауға
арналған «Оқы, талқыла,
ұсын...» атты кітап марафонын наурыз айынан бастады. Марафонның қорытындысы
қыркүйек айының соңында шығады. Кітап марафоны №10 Ы. Алтынсарин атындағы
мектеп-лицейдің, №136 Т.Жүргенов атындағы орта мектептің 7-9 сынып
оқушыларымен, №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларының
қатысуымен өткізілді.
Мақсаты: Ілияс Есенберлиннің
өмірі мен шығармашылығымен, «Көшпенділер»
трилогиясындағы жарқын тарихи тұлғалармен таныстыру, қазақ хандығы
мен казақ мемлекетінің бес ғасырлық
тарихи беттеріне талдау жасау, өз пікірлерін қағаз бетіне түсіріп еркін жеткізе
алуға дағдыландыру, тарихи көркем шығармалардағы ұлттық рухты негіздеп ұлттық
сананы қалыптастыру, адамгершілікке, еліне, халқына адал қызмет етуге
тәрбиелеу.
15 мамыр күні №23 Ж.Қизатов атындағы мектепте жалғасын тапты. Шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Шарада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалғаны, бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғаны айтылды. Кітапханашы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Көшпенділер» трилогиясындағы жарқын тарихи тұлғаларға, қазақ хандығы мен казақ мемлекетінің бес ғасырлық тарихи беттеріне талдау жасады. «Ілияс Есенберлиннің туғанына – 100 жыл» атты бейнефильм көрсетілді. Шара соңында тарих пәнінің мұғалімі Венера Чекушина казақ хандығының қалыптасуы туралы слайд көрсетіп, шолу жасады.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жыл кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын насихатауға арналған «Оқы, талқыла, ұсын...» атты кітап марафонын наурыз айынан бастады. Кітап марафоны №10 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің, №136 Т.Жүргенов атындағы орта мектептің 7-9 сынып оқушыларымен өткізілді.
8 мамыр күні №187 М. Шоқай
атындағы орта мектепте жалғасын тапты. Шараға 9 сынып оқушылары қатысты.
Шарада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын
Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел
болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің
ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған
жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
таңдалғаны, бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің
100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен
және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғаны айтылды. Оқушылар Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
жөнінде мағлұмат алып, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстырылды.
«Біздің тарих – бірлік пен тұтастық тарихы» атты фото-көрме ұйымдастырылды.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы балалар әдебиеті бөлімі кітапханашыларының ұйымдастыруымен жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша кітап марафоны қаланың №10,23,136, 187 мектептерінде 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
22 мамыр күні кітап
марафоны облыстық кітапханада жалғасын
тапты. Марафонға №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары белсене қатысты. Кітапханашы Ұлы Отан соғысына қатысқан
майдангер, танымал жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Көшпенділер» трилогиясындағы жарқын тарихи тұлғаларға,
қазақ хандығы мен казақ мемлекетінің бес
ғасырлық тарихи беттеріне талдау жасады. Шара барысында шағын корініс, І.Есенберлиннің
шығармашылығына арналған слайд,
бейне-ролик, «Көшпенділер» кинофильмінен
үзінді көрсетілді.
Шара соңында қатысушылар «Тарих дөңгелегі» атты викториналық
сұрақтарға жауап берді. Кітап марафонына №6, №7, №144, №235 орта мектептердің
7-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Залда І. Есенберлиннің шығармалары және Қазақ
мемлекетінің құрылу тарихына арналған кітаптар қойылған «Көшпелі
өркениеттің білгірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ә.Тәжібаев атындағы
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
балалар әдебиеті бөлімі жыл кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын насихатауға
арналған «Оқы, талқыла,
ұсын...» атты кітап марафонын наурыз айынан бастады. Кітап марафоны №10 Ы. Алтынсарин атындағы
мектеп-лицейдің, №136 Т.Жүргенов атындағы орта мектептің 7-9 сынып
оқушыларымен өткізілді.
16 маусым күні №10 Ы. Алтынсарин атындағы
мектеп-лицейде жалғасын тапты. Шараға 9 сынып оқушылары қатысты.
Шарада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын
Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел
болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің
ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған
жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
таңдалғаны, бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің
100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен
және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғаны айтылды. Оқушылар Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
жөнінде мағлұмат алып, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстырылды.
«Біздің тарих – бірлік пен тұтастық тарихы» атты фото-көрме ұйымдастырылды.
Жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
бойынша «Оқы, талқыла,
ұсын...» - кітап марафоны қортындыланды
Қазақстан халқы үшін 2015 жыл аталып
өтетін мерейтойларға толы жыл болды. Олар: ҚР Конституциясының қабылданғанына
және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
және Қазақ хандығының 550 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170
жылдығы.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің
шешімі бойынша жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан
соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың
бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург,
ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды. Бұл
таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық
мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда
аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келді.
Ә.Тәжібаев атындағы
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
балалар әдебиеті бөлімінің
ұйымдастыруымен жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
бойынша кітап марафоны наурыз айынан бастап
№6,№7,№10,№23,№136,№144,№187, №235 мектептердің жоғары
сынып оқушыларының қатысуымен
өткізілді.
Акцияның мақсаты – ұлттық
әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін
ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі
өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның
ішінде классикаға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік жасау.
Жыл бойы қала мектептерінің оқушыларымен
бірге «Көшпенділер» кітабының тарихи беттерінен қазақ хандығы мен қазақ
мемлекетінің бес ғасырлық тарихын
талдап, олар трилогияның жарқын тарихи тұлғаларымен таныстырылды
16 қазан
күні «БІР ЕЛ – БІР
КІТАП» акциясының қорытынды шарасында осы «Оқы, талқыла, ұсын...» атты кітап
марафонына қатысқан жеңімпаздарға оқырмандарға марапаттар тапсырылды. Атап
айтқанда : «Ең үздік ұйымдастырушы» номинациясымен №144 С.Әлжіков
атындағы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан
Туреева, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің кітапханашысы Тамара Когай, «Ең көп
оқыған сынып» номинациясымен №144 С.Әлжіков
атындағы орта мектептің 9 «а» сынып оқушылары,
«Ең көп окыған мектеп»
номинациясымен №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебі / директоры Мұсабаева Айгүл Нәжімединқызы/. Облыстық кітапхана өткізіп жүрген іс-шараларға қатысушы мектептердің алды. Мәдени шараларға белсена қатысып жүрген кітапханашыларды, мұғалімдерді
атап өтетін болсақ, олар:
Рахменова Жайна, Божкаева Гүлжайна, Қайықбаева
Жадра, Нұрманова Гүлназ, Рыстығұлова Анар, Қожарипова Айгүл, Көшербаева
Ханыгүл, Искакова Шамшагүл,
Маханбетәлиев Асылбек т.б. «Кітапқұмар» номинациясымен №10 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей интернатының 11 сынып оқушысы Өмірзақ Нұрила марапаталды.
Ал «Ең үздік эссе» номинациясы
- осы «Көшпенділер» романы туралы өз интеллектуалдық байлығын,
аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр
ойлылығын, сезінген-түйгенін жазған оқырмандар марапаталды. Олар: №23
Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің 11 «в» сынып
оқушысы Расим Чекушин, №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Қаракөз Тасқынбайқызы, №144 С.Әлжіков атындағы қазақ орта мектебінің
9 «ә» сынып оқушысы Ернұр
Әділбекұлы, №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің 9 «а» сынып оқушысы Жорабаева Арайлым.
Шара барысында шағын көріністер,
І.Есенберлиннің шығармашылығына арналған
бейне-ролик көрсетіліп, «Көшпенділер»
кинофильмінен үзінділер көрсетілді.
«Ең үздік эссенің» қортындысы ҚР
Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Қызылорда қоғамдық телекомпаниясы
информациялық бағдарламасының бас редакторы - Құлтанова Баян , журналист, ҚР Журналистер Одағының мүшелері Үйтолған Жарекеева, Қызылорда
Қоғамдық теларнасының редакторы, журналист – Ерқанат Сәрсенбай, «Қызылорда
қоғамдық телеарнасы» ЖШС-нің редакторы Гүлнұр Бүркітбаева, «Ақмешіт Ақшамы»
газетінің тілшілері, ҚР Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері Раушан Сәдуова,
Жеңіс Аймағанбетова, Гүлмира Ділдәбекова,
Динара Маханованың
пікір-рецензиялары бойынша тағайындалды.
Балалар әдебиетінің
бөлімінің меңгерушісі Карибаева А.
Қазақтың көрнекті жазушысы І. Есенберлиннің « Қаһар»
романы бойынша
оқырмандар конференциясы
Биыл ата тарихты жазып, ұлт рухын оятқан арда жазушы Ілияс
Есенберлиннің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Сонымен қатар дәстүрлі
түрде өткізіліп келе жатқан Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында
қалың жұртшылық оқуына І. Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабы таңдалды.
Жазушының шығармашылығын насихаттау үшін Ә. Тәжібаев атындағы
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қаһар» романы бойынша оқырмандар
конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияға«Болашақ» университетінің оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты, доцент – С.Тайманова,филология ғылымдарының кандидаты
Т. Медетбаев, Қорқыт ата атындағы мемлекеттіқ университетінің оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты, доцент А.Айтбаева, оқушылар мен жасөспірімдер үйінің
«Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі З. Есмағанбетова және студент жастар
қатысты.
Конференцияның қонақтары қаламгердің шығармашылығы мен озық
туындыларының ерекшеліктеріне тоқталып ой бөлісті. Жалпы алғанда жазушының
«Қаһар» романы- қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған,
оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңіне көркем түсінуіне көмектесетін
елеулі тарихи шығарма екендігі конференция барысында толық ашылды.
«Болашақ» университетінің студенттері роман бойынша
қойылым көрсетті. «Аты әлемге мәшһур жазушы» атты кітап көрмесі оқырман
назарына ұсынылды.
Жазушының
шығармаларын насихаттауда кітапханада жыл көлемінде түрлі мәдени шаралар
ұйымдастырылатын болады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий